Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әуежайының басшысы ауысты

Опубликовано:

Дәулет Хамзин
Дәулет Хамзин. Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Дәулет Хамзин сайланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Дәулет Ғазизұлы Хамзин 1973 жылы сол кездегі Целиноград қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын "Экономика және болжау" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы инженер-бағдарламашы ретінде бастаған.

Хамзин 2006 жылдан бастап азаматтық авиация саласында түрлі басқарушылық лауазымдарында қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, ол әр жылдары "Сары-Арқа әуежайы" АҚ президенті, "Scat авиакомпаниясы" АҚ дамыту бойынша вице-президенті, "Әулие-Ата халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.

Министрлік дерегінше, Хамзин 2020 жылдан бастап елорда әуежайында Атқарушы директор, Коммерция департаментінің директоры ретінде еңбек етті. Биылғы жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, Дәулет Хамзин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. "Құрметті авиатор" төсбелгісінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990574-elorda-auezaiynyn-bassysy-auysty/

pixel