Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК Қазақстан президенттігіне кандидат болғысы келген Польша азаматшасы жайлы айтты

Опубликовано:

Сайлау бюллетені
Сайлау бюллетені. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық сайлау комиссиясы елімізде алдағы уақытта өтетін кезектен тыс президент сайлауына түскісі келген Польша азаматшасы жайлы айтты, деп хабарлайды ОСК ресми сайтында.

ОСК-ның мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясына Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге ниет білдіріп, бірнеше рет жүгінген.

"Осыған байланысты Польша азаматшасына республика президенттігіне кандидатқа Конституция және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң бойынша қойылатын талаптар бөлігі, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді", – дейді Орталық сайлау комиссиясы.

Осы орайда ОСК ел Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар ел азаматы ғана сайлана алатынын еске салды.

Сонымен қатар ОСК конституциялық заңда кандидаттарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ ОСК "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, президент болып сайлану үшiн кандидаттың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек ол белсендi сайлау құқығына ие болуы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990695-osk-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-bolgysy-kelgen-polsa-azamatsasy-zaily-aitty/

pixel