Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Рауан Рақымбеков
Рауан Рақымбеков. Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Алматы облысы әкімінің өкіміммен, Президент әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 2001 жылы "Экология және табиғат пайдалану", 2008 жылы "Қаржы" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы "Қайнар" ААҚ моноблок құю цехінің қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген.

Әр жылдарда "Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

"Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990792-almaty-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/