Тоқаев мәжіліс төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ерлан Қошанов
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ерлан Қошанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесуде президентке қазіргі заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс депутаттары "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы", "Конституциялық сот туралы", "Прокуратура туралы" заң жобаларын, сондай-ақ бірқатар конституциялық және басқа да заңдарға енгізілетін өзгерістерді қарастырып, сенатқа жолдаған. Аталған құжаттарды талқылауға сарапшылар тобы қатысқаны және қоғам мен БАҚ үшін жария түрде өткені атап өтілген.

Палата мақұлдаған заң жобалары биылғы 5 маусымда өткен референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалардың негізгі ережелерін жүзеге асыруға бағытталған. Енгізілетін заң нормалары азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтуге және тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласу мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді.

"Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламенттік дипломатия және шет мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы іс-әрекеттер аясындағы жұмыстардың негізгі басымдықтары туралы айтты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ мәжіліс төрағасы мемлекет басшысына Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде айтқан. Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдағаны да баяндалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990801-toqaev-mazilis-spikerin-qabyldady/