Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Бибігүл Төкенқызы Ұзақова
Бибігүл Төкенқызы Ұзақова : Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бибігүл Төкенқызы Ұзақова Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бибігүл Төкенқызы 1975 жылы туған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маман-бухгалтері, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Алматы қаласы экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бастығының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, "Eco Almaty" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың қазан айынан "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының бас-эксперт аудиторы қызметінде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990874-almaty-oblysy-qarzy-basqarmasynyn-bassysy-tagaiyndaldy/