Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Тәжікстан президентін мерейтойымен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Сондай-ақ екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылған.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991124-toqaev-tazikstan-prezidentin-mereitoiymen-quttyqtady/

pixel