Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсуде
Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсуде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына келген сәтінен видео да жариялады.

Айта кетейік, өткен аптада президент Абай облысына жұмыс сапарымен барған еді.

Сапар барысында мемлекет басшысы өңір жұртшылығымен кездесу өткізіп, аймақтың бірқатар азаматын орден және медальмен марапттады. Сондай-ақ президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада Түрікстан облысы мен Шымкент қаласына да жұмыс сапарымен барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991132-toqaev-zumys-saparymen-qaragandy-oblysyna-keldi-video/

pixel