Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смадияров: Ресей елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Опубликовано:

Алексей Бородавкин
Алексей Бородавкин. Фото: rfembassy.kz

Бүгін, 5 қазанда Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин әңгімелесу үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақпарат".

"Қазақстанның Мәскеудегі елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын. Бұл қалыпты дипломатиялық тәжірибе. Бүгін Ресей елшісі еліміздің Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл жерде РФ Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің (Мария Захарованың) мәлімдемесі қаралады. Сонымен қатар Ресей жағының Украина Елшісіне қатысты талаптары талқыланады", - дейді Айбек Смадияров мәжілісте өткен брифингте.

Осы орайда ол Украинаның елшісі (Петр Врублевский-ред.) Қазақстаннан кететінін айтты. Сондай-ақ Айбек Смадияров Украинаның Сыртқы істер министрлігі жаңа елші тағайындау туралы өтініш жібергенін, қазір бұл өтініш қарастырылып жатқанын атап өтті.

СІМ өкілі Петр Врублевскийдің Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде немесе басқа да мемлекеттік ведомстволарда қандай да бір кездесулері жоспарланбағанын да айта кетті.

"Бұл мәселе бойынша Украина жағымен біздің толық келісіміміз бар. Қос тарап уағдаластықтарын орындады. Сондықтан Украина жағымен шешілмеген ешқандай мәселе жоқ. Қазақстандағы елшінің кетуі туралы шешімін Украина Сыртқы істер министрлігі өздері шығарды. Осы орайда басқа елші тағайындалмақ", - дейді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский тамыз айында отандық блогерлердің біріне сұхбат беріп, басы дауға қалған еді.

Оның сөзі Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері тарапынан да сынға ұшырады. Ол кезде Врублевский еліміздің Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, өз сөзі үшін кешірім сұраған болатын.

Қыркүйек айында Айбек Смадияров Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский демалыста екенін айтқан. Қазақстандық тарап елшіні елден шығару туралы талап қоймаған еді. Ол өз қызметін жалғастыру мәселесі бойынша кеңес алып жатқаны туралы болжам жасалған.

Ал 4 қазанда Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Бұған Украина елшісі Петр Врублевскийдің Қазақстанға қайтып келуі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991143-smadiyarov-resei-elsisi-qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrligine-saqyryldy/

pixel