Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қарағанды облысында тұрмыстық техника мен көлік дөңгелегін шығаратын зауыттарға барды

Опубликовано:

Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары
Мемлекет басшысының Қарағанды облысына жұмыс сапары. Фото: Telegram/БОРТN1

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында тұрмыстық техника шығаратын "Silk Road Electronics" және көлік дөңгелегін шығаратын "KamaTyresKZ" зауыттарының және өнім түрлерімен танысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі БОРТN1 Telegram арнасында.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, "KamaTyresKZ" дөңгелек зауытын биыл жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Кәсіпорын бастапқы кезде жеңіл және жеңіл жүк көліктеріне арналған дөңгелектер шығарады. Кейін жобаның екінші кезеңінде транспортер, конвейер лентасы сияқты резинатехникалық бұйымдар, ал үшінші кезеңінде ауыл шаруашылығы техникасы дөңгелектерін өндіре бастайды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 3,5 миллион дөңгелек шығаруға есептелген.

Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары
Мемлекет басшысының Қарағанды облысына жұмыс сапары. Фото: Telegram/БОРТN1

Сондай-ақ қазіргі кезде зауыт серіктестерімен бірлесіп, өзіне қажетті мамандарды даярлауға кіріскен. Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде 68 адам "Резина техникалық бұйымдар" және "Шина өндірісі" мамандығын игеруді бастаған.

Ал құрылысы екі жылдан кейін аяқталуға тиіс "Silk Road Electronics" зауыты жыл сайын теледидар, электр сужылытқыш, шаңсорғыш, асүй плитасы мен желдеткіш секілді тұрмыстық техникаларды шығарады.

Президент баспасөз қызметі атап өткендей, зауыттың болашақ өнімдері қойылған шағын көрмені аралап шыққаннан кейін мемлекет басшысы зауыт басшылығымен әңгімелескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991199-toqaev-qaragandy-oblysynda-turmystyq-texnika-men-kolik-dongelegin-sygaratyn-zauyttarga-bardy/

pixel