Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжат тапсырды
Жарияланған күні:
Жигули Дайрабаев 5 қазанда ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынылуы туралы құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлайды ОСК ресми сайтында.
ОСК хабарламасында Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы айтылады.
Дайрабаев келесі құжаттарды ұсынған:
1. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.
Жигули Дайрабаевты 30 қыркүйекте "Ауыл" партиясы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол - "Атамекен" ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы.
Еске сала кетейік, Мейрам Қажыкен президенттікке үміткерлердің ішінде бірінші болып ОСК-ға құжат тапсырған болатын. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.
- Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
- Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы алдында қазақстандықтарға үндеу жасады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991209-prezidenttikke-kandidat-ziguli-dairabaev-osk-ga-quzat-tapsyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.