Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

"Парасат" орденімен Қаныш Сәтпаев атындағы канал директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов;

Құрмет орденімен Жоғары спорттық шеберлік мектебінің оқытушысы – жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов;

"Құрмет" орденімен Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова;

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "Қазақстан алюминийі" АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Қазақстан» РТРК меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев наградталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991257-prezident-pavlodar-onirinin-birqatar-azamatyn-memlekettik-nagradamen-marapattady/

pixel