Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Тоқаевты қолдайтын халық коалициясы құрылады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Amanat партиясының XXIV съезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халық коалициясы құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін біз стратегиялық таңдау жасадық және біз Тоқаевтың төңірегіне бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Әрине, басқа партиялар бар, саяси бірлестіктер бар, олар да Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады. Сондықтан біз осы саяси бірлестіктермен біріктік және келістік. Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құрамыз.Түстен кейін мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді, барлығымыз қатысамыз", - деді Қошанов.

Еске сала кетейік, Amanat партиясы президенттікке қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Павлодар жұртшылығымен кездесуінде қай саяси ұйымнан сайлауға түсуі мүмкін екенін айтқан болатын. Президент белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқанды жөн санайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991390-elimizde-toqaevty-qoldaityn-xalyq-koaliciyasy-qurylady/

pixel