Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Омаров еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды

Опубликовано:

Қайрат Омаров
Қайрат Омаров. Фото: Telegram/СІМ ҚР

Қайрат Омаров еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991455-rlrlrl/

pixel