Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Астанада өткен халықтық коалиция форумында мемлекет басшысы өзіне сенім артқан барша жанға алғыс айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ БОРТ N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді.

Мен бұған дейін мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік.

Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі, онда барлық әлеуметтік топтар қамтылған", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін елордада кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы өтті.

Халықтық коалиция Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991482-toqaev-barsanyz-usyngan-ortaq-kandidat-retinde-prezident-sailauyna-tusu-men-usin-zor-martebe/

pixel