Мемлекет басшысы алдағы аптада қандай халықаралық іс-шараларға қатысады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Алдағы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram-арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11-12 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тани келеді деп күтілуде.

Ал 12-13 қазанда елімізге мемлекеттік сапармен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келмек.

Жоспар бойынша 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында президент мемлекет және үкімет басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Сондай-ақ 14 қазанда елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтеді деп жоспарланып отыр.

А️л 15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991581-memleket-bassysy-aldagy-aptada-qandai-xalyqaralyq-is-saralarga-qatysady/