Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Нұрбол Нұрсағатов
Нұрбол Нұрсағатов. Фото: Instagram/nurbol_nursagatov

Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы өңір әкімдігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеген.

2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласында құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы, Астанадағы "Байқоңыр" және "Алматы" аудандарының әкімі болған.

Бүгінгі тағайындауға дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991588-semei-qalasynyn-zana-akimi-tagaiyndaldy/

pixel