Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оппозиция атынан президенттік сайлауға түсетін кандидат ОСК-ға құжат тапсырды

Опубликовано:

Нұрлан Әуесбаев ОСК-да
Нұрлан Әуесбаев ОСК-да. Фото: NUR.KZ

Қазақстан президенттігіне ЖСДП атынан кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан" Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Нұрлан Әуесбаев құжатын ОСК-ға ресми түрде тапсырған.

ОСК құжатты тексеру екі-үш күнге созылуы мүмкін екені атап өткен.

1 қазанда Астанада өткен ЖСДП-ның XIX съезінде президенттікке бес кандидат ұсынылды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Нұрлан Әуесбаев ЖСДП партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК-ға "Аманат" Қазақстан кәсіподақтарының достастығы" атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен мен "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" атынан ұсынылған Жигули Дайрабаев құжат тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991591-oppoziciya-atynan-prezidenttik-sailauga-tusetin-kandidat-osk-ga-quzat-tapsyrdy/

pixel