Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасы.

Бұған дейін Ақорда Тоқаевтың келесі аптада қандай шараларға қатысатынын жариялаған болатын.

Еске салайық, ТМД елдері басшыларының соңғы бейресми кездесуі 2021 жылы, сондай-ақ Санкт-Петербургте өткен болатын. Іс-шара барысында ТМД елдерінің басшылары 2021 жылғы өзара іс-қимылдың қорытындыларын шығарды, алдағы кезеңге арналған өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамытудың жалпы жоспарларын, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру, оның ішінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізді.

Бұған дейін коронавирустық пандемияға байланысты бұл шара 2019 жылдан бері өткізілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991658-toqaev-sankt-peterburgte-otetin-tmd-memleket-bassylarynyn-beiresmi-kezdesuine-qatysady/