Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен кеткен Бақыт Сұлтанов жаңа лауазымға ие болды

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов. Фото: Facebook/bakhyt.sultanov

Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.

"Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің биылғы 6 қазандағы шешімімен Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа мүшесі (министр) болып тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарығында монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді", - делінген ЕЭК баспасөз хабарламасында.

Сұлтанов 2003-2006 жылдар аралығында Қазақстанның Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары Статистика агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарған.

2010-2013 жылдар аралығында Сұлтанов президенттің көмекшісі, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

2013-2018 жылдары - премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі, 2018-2022 жылдар аралығында Астана қаласының әкімі, Сауда және интеграция министрі, премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметтерін атқарған.

Сұлтанов, сондай-ақ ІІІ дәрежелі "Құрмет", "Парасат", "Барыс" ордендерінің иегері.

Еске сала кетейік, биыл шілде айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа сөгіс жариялаған болатын. Бір айдан кейін мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты Сауда және интеграция министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Ал оның орнына бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарған Серік Жұманғарин тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991684-toqaevtyn-synynan-keiin-qyzmetinen-ketken-baqyt-sultanov-zana-lauazymga-ie-boldy/

pixel