Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Тоқаев Ақан Рахметуллинді қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде
Фото: Т.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Кездесу барысында президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Еске салайық, бұған дейін президенттің өкімімен Қайрат Омаров еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ал Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991743-prezident-toqaev-aqan-raxmetullindi-qabyldady/

pixel