Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент QazaqGaz басқарма төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Санжар Жаркешовті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президент ішкі нарыққа тауарлық газды басымдықпен жеткізу жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Санжар Жаркешов мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы және газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуы туралы есеп берді.

Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдағаны хабарланған болатын. Мемлекет басшысы осы әмбебап ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991752-prezident-qazaqgaz-basqarma-toragasyn-qabyldady/

pixel