Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК: Тоқаев президенттікке кандидаттарға қойылатын барлық талапқа сай

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция мен "Сайлау туралы" заң талаптарына сәйкес келетінін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың талаптарға сәйкестігі мәселесі бойынша кеңес өткізді.

"Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған Конституцияда және "Сайлау туралы" Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін анықтады", – деді ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров.

Ол кандидатты қолдап қол жинау үшін қажетті мөлшердегі қол қою парақтарын беру керектігін айтты.

Еске салайық, бұған дейін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы құжаттарды қабылдағаны айтылған болатын.

Кезектен тыс президенттік сайлау 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991768-osk-toqaev-prezidenttikke-kandidattarga-qoiylatyn-barlyq-talapqa-sai/

pixel