Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

Опубликовано:

Астанадағы "Бәйтерек" монументі
Астана. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

12-13 қазанда Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Осы аптада Қазақстан астанасында жоғары және аса жоғары деңгейдегі бірқатар халықаралық іс-шара өтеді.

12-13 қазанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне 11 мемлекет басшысы (Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан), бір вице-президент (Вьетнам), бір төрағаның орынбасары (Қытай) және 5 министр қатысады", - дейді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, АӨСШК VI саммитіне бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де қатысады.

"Жоғары деңгейдегі кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылады және Қазақстанның төрағалығымен өтеді.

Іс-шараға мүше мемлекеттердің, байқаушы мемлекеттердің, байқаушы ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ Қазақстан тарапының қонақтары шақырылды. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.

Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды сыртқы саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады", - дейді СІМ өкілі.

Айбек Смадияров алдағы саммитте Қазақстанның төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланатынын, сонымен қатар саммит барысында бірқатар құжат пен шешім қабылдау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991975-astanada-otetin-aossk-sammitine-11-memlekettin-bassylary-qatysady/

pixel