Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьпен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев/Станислав Зась
Қасым-Жомарт Тоқаев/Станислав Зась. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Станислав Зась мемлекет басшысына ҰҚШҰ-ның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жайлы мәлімет берген.

Сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған.

Бұдан бөлек, кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылған.

Президенттің ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесуі
Президенттің ҰҚШҰ бас хатшысымен кездесуі. Фото: Ақорда

Айта кетейік, биыл 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының "Өзара іс-қимыл", "Іздеу" және "Эшелон" оқу-жаттығулары өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991983-toqaev-uqsu-bas-xatsysy-stanislav-zaspen-kezdesti/

pixel