Наталья Годунова президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берді

Опубликовано:

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаев/ Наталья Годунова. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Наталья Годунова президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берген.

Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берген. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.

Сонымен қатар ол мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы айтқан.

Кездесу қорытындысы бойынша президент Наталья Годуноваға мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991995-natalya-godunova-prezidentke-esep-komitetinin-biylgy-9-aida-atqargan-zumysy-turaly-esep-berdi/