Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыртқы жағдайлар қатты әсер етуде": Ұлттық банк төрағасы инфляцияның неліктен өсіп жатқанын айтты

Опубликовано:

Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасы
Ғалымжан Пірматов. Фото: kursiv.kz

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Хабар 24 арнасындағы "Бетпе бет" бағдарламасында қонақ болып, еліміздегі инфляциялық көрсеткіштер мен басқа да маңызды мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғалымжан Пірматов еліміздегі инфляциялық көрсеткіштердің неліктен өсіп жатқанын айтты.

"Қазір бізге сырттан келген күтпеген жағдайлар қатты әсерін тигізіп отыр. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, жылдық инфляция 17,7 пайызға жетті. Айта кету керек, соңғы болып жатқан жағдайлардың ішінде, оның бірі – пәтерлерді жалға беру бағасының өсуі. Қыркүйек айының өзінде 13,1 пайызға өсті.

Егер өткен жылғы қыркүйекпен салыстырсақ, 40,7 пайызға өсті де, осы жалғыз көрсеткіштің өзі 17,7 пайыздың ішінде 1,1 пайыз үлес қосып отыр.

Дегенмен, енді бағалардың өсу қарқыны бәсеңдейді деп ойлаймыз, себебі сыртқы факторлардың көпшілігінің әсері төмендеу траекториясына түсті. Яғни, қанша дегенмен, сыртқы факторлар жайлап орнына келіп жатыр.

Атап өтсем, азық-түлік тауарлары, шикізат бағасы, соның өсу қарқыны сәл де болса қалыптасып, орнына түсіп келе жатыр. Ал біз, Ұлттық Банк экономикадағы сұранысты қадағалау арқылы инфляцияны, бағаның өсуін қалпына келтіру үшін қандай да бір керек болған шешімдерді қабылдауға әрқашан дайын", - деді Пірматов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992005-syrtqy-zagdailar-qatty-aser-etude-ulttyq-bank-toragasy-inflyaciyanyn-nelikten-osip-zatqanyn-aitty/

pixel