Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елшілік Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырды

Опубликовано:

Украинадағы Қазақстан елшілігі
Украинадағы Қазақстан елшілігі. Фото: gov.kz

Украинадағы Қазақстан елшілігі сол ел аумағында жүрген барша қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы елшіліктің Telegram-дағы ресми арнасы мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналар мен бомба баспаналарында болуға шақырады",- делінген хабарламада.

Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге үндеді.

Еске сала кетейік, бүгін Украина астанасы Киев пен басқа да бірнеше ірі қалаларда жарылыс болды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992008-elsilik-qazaqstan-azamattaryn-mumkindiginse-ukraina-aumagynan-ketuge-saqyrdy/

pixel