Тағы бір әйел адам Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Опубликовано:

Салтанат Тұрсынбекова
Салтанат Тұрсынбекова. Фото: .instagram.com/saltanat.parhatkyzy

"Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ бірлестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлестіктің мәліметінше, 11 қазан күні Астанада "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиыны өткен.

Онда елімізде 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну мәселесі қаралған.

Жинынға қатысушылар бірлестік атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы ұсынған.

Бірлестік жетекшісі Айнұр Жүгінісованың айтуынша, Салтанат Тұрсынбекова ана мен баланы қорғау мәселелері, отбасы институты, ұлттық және рухани құндылықтарды дамыту секілді бірлестіктің басым бағыттарын ілгерілетумен айналысады.

Салтанат Тұрсынбекова әр жылдары мемлекеттік құрылымдарда, Жоғарғы сотта жұмыс істеген, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, сонымен қатар "Отбасында зорлық зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі.

Айта кетейік, бұған дейін "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" Қарақат Әбденді Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992076-tagy-bir-aiel-adam-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-usynyldy/