Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы екі адам Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Опубликовано:

Құжатқа қол қойды
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазақстандық футбол әуескерлері лигасынан" Бақыт Жаңабаев және "Тәжірибелік психология" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Фатима Бизақова президенттікке кандидат ретінде ОСК-ға құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты.

ОСК хабарлауынша, Ортсайлаукомға Бақыт Маратұлы Жанабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары келіп түскен:

  • "Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  • Б.М. Жанабаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Сондай-ақ құжат тапсырудың соңғы күні ОСК-ға Фатима Бизакова Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттарын тапсырған:

  • "Тәжірибелік психология" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  • Ф.Бизакованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992187-tagy-eki-adam-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-usynyldy/

pixel