Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Астанаға келген Қатар әмірін әуежайдан қарсы алды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
Қасым-Жомарт Тоқаев және шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: Telegram/БОРТN1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды БОРТN 1 Telegram арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қатар әмірінің Қазақстанға сапары аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992191-toqaev-astanaga-kelgen-qatar-amirin-auezaidan-qarsy-aldy/

pixel