Қызылорда өңірі тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша үлгілі аймақтың бірі
Жарияланған күні:
800 мыңнан астам халқы бар Қызылорда облысында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі өте өзекті. Мұнда өз кәсібін ашамын деп ниет қылған кәсіпкерлерді қолдау шаралары жоғары. Аймаққа басшы болып келген Нұрлыбек Нәлібаев өңірде тұрақты жұмыс орындарын көбейту үшін шағын кәсіпорындар санын ұлғайту туралы тапсырма берген. Аз уақыттың ішінде өңірде жұмыс орындарын құру көрсеткіштері біршамаға жақсарған.
Бүгінгі Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деп баяндады. Оның айтуынша халықты жұмыспен қамту, әсіресе тұрақты жұмыс орындарын құру көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында нәтижелі жұмыспен үздіктер қатарында.
"Өңірлер бойынша Ұлттық жоба аясында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша Қызылорда облысының өте жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Облыста өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш – 88%, оның ішінде 84 пайызы зейнетақы аударымымен расталған", - деді Тамара Дүйсенова.
Әрбір жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Ал, оның артында қаншама отбасыға табыс көзі бар. Жиында сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев биыл өңірде 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, қазіргі таңда 21,8 мың жаңа жұмыс орны ашылған дейді.
"Ұлттық жобалар шеңберінде 3,2 мың адам жұмысқа орналастырылып, олардың зейнетақы аударымдары 84%-ды құрады. "Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына" 41,2 мың адам қатысты. Оның ішінде, 9,2 мыңы бос жұмыс орынға, 12,9 мыңы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. 2,3 мыңы қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашты. Қалған 16,8 мыңы онлайн курстар мен қысқа мерзімді оқу курстарына жолданған. Президентіміздің 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес биылғы жылы облыста 4587 жұмыс орнын құру жоспарланған. 9 айдың қорытындысымен 5 691 жұмыс орны ашылып, көрсеткіш 124,1 пайызға орындалды", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Өңірде 100 мың жасты жұмыспен қамту тапсырмасына сәйкес келесі жылы аймақта 6 мыңға жуық жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде 3 мың азамат бос жұмыс орындарына орналасса, 3 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылмақ. Нәтижесімен, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ға дейін төмендейтін болады.
Айта кетейік, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамту, қысқартудың алдын алу және жалақы көлемін 50%-ға дейін арттыру бағытында облыстағы 52 ірі және орта кәсіпорынмен меморандум жасалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992289-qyzylorda-oniri-turaqty-zumys-oryndaryn-quru-boiynsa-ulgili-aimaqtyn-biri/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.