Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев профессор Наум Шафердің қазасына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Наум Шафер
Наум Шафер. Фото: instagram.com/museum_shafer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев профессор Наум Шафердің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, профессор Наум Григорьевич Шафердің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айтқан.

"Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Наум Шафер 11 қазанда 91 жасында Павлодар қаласында дүниеден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992324-toqaev-professor-naum-saferdin-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel