Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келесіз деп үміттенемін": Қатар әмірі Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Опубликовано:

Қатар әмірі мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Т.me/bort_01

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл қараша-желтоқсан айларында Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қатар әмірі футболдан әлем чемпионатының басталуы Қазақстандағы президент сайлауымен тұспа-тұс келетініне қарамастан, Қасым-Жомарт Тоқаевты футбол чемпионатына арнайы шақырды.

"Жақында Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Қазақстаннан келетін қонақтарға билеттер жіберіледі. Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевты әлем чемпионатына шақырамын. Осы уақытта Қазақстанда президент сайлауы өтетінінен хабардармын, бірақ мен сіз уақыт тауып, чемпионатты тамашалауға келесіз деп үміттенемін", – дейді шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Айта кетейік, 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты Қатарда 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. Ал 20 қараша күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Еске салайық, Қатар әмірі 11 қазанда Астанаға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер нәтижесінде тараптар 12 құжатқа қол қойды.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992335-kelesiz-dep-umittenemin-qatar-amiri-toqaevty-futboldan-alem-cempionatyna-saqyrdy/

pixel