Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатқа қажетті барлық құжатты ұсынғанын және қажетті қолдаушылар қолын жинағанын хабарлады.

Сондай-ақ ОСК Тоқаевтың президенттікке үміткер критерийлеріне сай келетінін атап өтті.

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми түрде кандидат ретінде тіркеп, оған тиісті куәлік беру туралы шешім қабылдаған.

"Сайлау заңнамасының 59-бабының 5-тармағында көзделген барлық құжат заңда белгіленген мерзімде келіп түсті. Осылайша, Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсім сақталды",дейді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейтік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидрат ретінде тіркеу үшін ОСК-ға құжаттарын 7 қазанда тапсырған болатын.

Кейін ОСК Тоқаевтың кандидатурасы Конституция мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сай екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992340-toqaev-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-resmi-turde-tirkeldi/

pixel