Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері келді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов Қырғызстан президентін әуежайдан күтіп алды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Фото: Prezident.kg

Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзиёев Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Екі ел басшысын әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің ресми Telegram арнасы.

"Қырғызстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елордаға бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді.

"Өзбекстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке (12-13 қазан), ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына (14 қазан) және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне (14 қазан) қатысады", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Тоқаев 20 шілде күні Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барған болатын. Онда мемлекет басшысы Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992394-astanaga-qyrgyzstan-men-ozbekstan-prezidentteri-keldi/

pixel