Премьер-министр елордада Иран президентін қарсы алды (видео)
Опубликовано:

Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram арнасы.
Үкіметтің баспасөз қызметі елорда әуежайында оны премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алғанын жазды.
Айта кетейік, АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. І
с-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.
Саммитте АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де бой көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992434-elordaga-iran-prezidenti-keldi-video/