Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: АӨСШК кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/БОРТN1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан АӨСШК саммитінде ұйым кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет екенін атап айтты, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Президенттің сөзінше, Азия әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірін өндіргенімен, бұл саладағы олқылықтардан әлі де толық арыла қойған жоқ.

"АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет.

Біз маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуіміз керек. Сондай-ақ тауарлардың бұл санаты үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында "жасыл дәліздер" ашуымыз қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективті болатынын айтты.

"Елдеріміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, біз мұқтаж елдерді азық-түлікпен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдай алар едік", - дейді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992491-toqaev-aossk-kenistiginde-azyq-tulik-qauipsizdigin-qamtamasyz-etetin-mexanizm-qazet/

pixel