Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АӨСШК келесі саммиті қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Саммитке қатысушы мемлекет басшыларының бірлескен суреті
Саммитке қатысушылар. Фото: T.me/bort_01

АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай брифингте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің келесі саммиті қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Сарыбай бұл саммиттер ережеге сәйкес төрт жылда бір рет, сондай-ақ министрлер кездесулері де төрт жылда бір рет өтетінін айтты.

"Сәйкесінше, 2024 жылы министрлер кеңесі, ал 2026 жылы кезекті саммит өтеді", – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтіп жатыр. Оған АӨСШК елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысуда. Қазақстан президенті өз сөзінде саммитке қатысушы елдердің басшыларына алғысын білдірді.

Саммит барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Сонымен қатар, климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келуі мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992612-aossk-kelesi-sammiti-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel