Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді (видео)

Опубликовано:

Сердар Бердімұхамедов пен Әлихан Смайылов
Сердар Бердімұхамедов пен Әлихан Смайылов: Telegram/Ukimet

Премьер-министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды Ukimet Telegram арнасы.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992714-turikmenstan-prezidenti-serdar-berdimuxamedov-qazaqstanga-algas-ret-memlekettik-saparmen-keldi/

pixel