Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды (видео)

Опубликовано:

ТМД басшылары кеңесі
ТМД басшылары кеңесінің отырысы. Фото: Telegram/БОРТN1

Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысын ресми түрде ашып, кіріспе сөз сөйледі, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram арнасы.

Қазақстан президенті Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шаралардың қатысушыларына алғыс айтты.

"Құрметті мемлекеттер басшылары! Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер.

Ең алдымен, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Бүгін Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан Президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын", - деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінің қарауына гуманитарлық серіктестікке, қауіпсіздікке және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылып отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992721-astanada-tmd-memleketteri-bassylary-kenesinin-otyrysy-bastaldy-video/