Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Опубликовано:

сайлау
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

2022 жылғы «20» қарашада өтетін

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерге арналған nur.kz сайтындағы Интернет-алаңдарын ұсыну бойынша «Internet Portal Nur» («Нұр Интернет-портал») ЖШС-ның жалпы шарттары.

Nur.kz сайтының меншік иесі (бұдан ары - Сайт) - «Internet Portal Nur» («Нұр Интернет-портал») ЖШС «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 28.09.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 жарлығына сай кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарға (бұдан ары - Кандидат) Сайтта сайлауалды үгіт-насихат материалдарын (одан ары – үгіт-насихат материалдар) орналастыру үшін Интернет-алаңдарын ұсыну шарттары, тәртібі және төлем көлемі жөніндегі ақпаратты ұсынады.

Сайлауалды үгіт-насихат Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күнге дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 00-де аяқталады. Осылайша, Сайтта үгіт-насихат материалдарын жариялау 2022 жылғы 21 қазан сағат 18:00-ден 2022 жылғы 19 қараша сағат 00:00-ге дейін жүзеге асады.

Сайт жазбаша жазылған өтініш пен Сайттың меншік иесі мен Кандидат немесе Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалған келісімшарт негізінде Интернет-алаң ұсынады.

Үгіт-насихат материалдарының саны мен оның жариялану мерзімі Кандидат немесе оның уәкілетті өкілі жазған жазбаша өтініште көрсетіліп, артынша келісімшартта бекітіледі.

Өтініш Кандидаттар өтінішін тіркеу журналында әрі жазбаша өтінішке кезек нөмірін беру арқылы және өтініштің келіп түскен уақытына қарай кезек ретімен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қосымша ұсынылуға тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Кандидат өкілінің өкілеттіліктерін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. Өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. Келісімшарт жасау үшн тұлға өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын Сайтқа орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібі бойынша, ал бір уақытта келіп түскен өтініштер жребий бойынша анықталады.

Үгіт-насихат материалдар жарияланатын уақытына дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде, келесі форматтарда ұсынылады:

Стандартты баннерлер*

  1. Геометриялық өлшемі пиксельмен мынадай болуы керек: 728x200/240х400/300x250/728х90 px.
  2. Баннерді графикалық файл түрінде (*.gif, *.png, *.jpeg) немесе HTML5 түрінде жасауға болады.
  3. Графикалық файлдардың максималды салмағы 100 Кб, HTML5 үшін – 150 Кб.

Брендтеу*

Жаңалықты брендтеу (Desktop)

Брендтеу 3 сурет арқылы жасалады. Олардың өлшемі келесідей болуға тиіс:

  1. Жоғарғы баннер - 1920х120 px.
  2. Сол жақ баннер - 384х960 px.
  3. Оң жақ баннер - 384х960 px.
  4. Суреттердің жалпы салмағы 300 кб-тан аспауы керек.

Жаңалықты брендтеу (Mobile)

  1. Брендтеу бір сурет пайдалану арқылы жасалады - өлшемі 1024x96 px болатын «шапка».
  2. Қауіпсіз аймақ өлшемі - 320х96 px.
  3. Баннер PNG немесе JPEG форматында жасалады.
  4. Сурет салмағы 100 кб-тан аспауы керек.

Стандартты емес баннерлер*

Profit Button (Desktop)

  1. Нақты өлшемі 150x150 px болуы керек.
  2. Баннерді графикалық файл түрінде жасауға болады (*.gif, *.png).
  3. Креатив салмағы 100 Кб-қа дейін.
  4. Егер креативте мәтін болмаса, онда бір реңкті төсем қажет. Мәтін оқылатындай болуға тиіс.

Interscroller

  1. Геометриялық размері - 300x500 px.
  2. Файлдың максималды салмағы - 150 Кб.
  3. Баннерді графикалық файл түрінде жасауға болады (*.gif, *.png, *.jpeg).

Видеожарнама

Scroll-roll

  1. Видео файлдар (*.flv, *.mp4, *.ogv, *.webm, VAST 2.0) — 100 Mб*-қа дейін.
  2. Тұнықтығы 720p кем болмауға тиіс.
  3. Хронометражы 20 секунд, тіпті 15 секундқа дейін болса құпталады.
  4. Файлдар атауы тек сандардан немесе ағылшын әліпбиіндегі әріптерден, сызу белгілерінен тұруы керек.

Баннерлік жарнамаға қойылатын жалпы талаптар мен HTML5-баннерлерге қойылатын техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements интернет-парақшасында толығырақ сипатталған.

Мақала – Word-файлдағы мәтін + көлденеңінен түсірілген, ені 1200 px-тен және ұзындығы 800 px-тен кем болмайтын саны 5–тен (бестен) көп емес сурет. Ені мен ұзындығының арақатынасы 16:9 болғаны жөн.

NUR.KZ редакциясы тақырыбына, лидіне немесе мәтініне өз қалауынша өзгеріс енгізуге құқылы.

Тақырып (7-8 сөзден көп емес) пен NUR.KZ форматына сай болуы керек.

NUR.KZ жаңалықтар лентасында мақала былай бекітіледі:

  • «Топ-жаңалықтар» – 4 немесе 5-орын;
  • «Қазақстан және Әлем жаңалықтары» – 5, 6 немесе 7-орын;
  • айдарларда – 4 немесе 5-орын.

Мақала анонсы басты бетте жарияланған уақыттан бастап келесі күні сағат 09:00-ге дейін тұрады. Материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда кеткен уақыт өтелмейді.

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар

Instagram:

  1. Жазба: 2000 белгіден аспайтын мәтін + өлшемі квадрат түріндегі сапалы сурет (1080*1080 px). Суреттегі мәтін минималды саннан аспауы керек.
  2. Stories: 1080*1920 өлшемдегі сапалы сурет немесе 15 секундтан аспайтын, вертикалды (9:16).
  3. IGTV-ге арналған видео:
  • Файл форматы - mp4.
  • Вертикалды видеолардың ені мен ұзындығының арақатынасы — 9:16, көлденең видеолардікі — 16:9 (шаршы өлшеміндені видеолар вертикалды немесе альбомдық плеерде қиылады.
  • Видеоның минималды ұзақтығы — 1,5 минут, максималды уақыты — 5 минут.
  • Максималды салмағы — 150 Мб.

Telegram:

  1. Мәтін көп дегенде бос жерді қоса санағанда 500 белгі болуы керек. Мәтін, сілтемелер, суреттер жеке-жеке ұсынылуға тиіс.
  2. 5 Мб-тан аспайтын видео, файл форматы - mp4.
  3. Жазба каналда бекітілмейді.
  4. "PR құқында” немесе “Үгіт-насихат материалы” деген белгінің болуы міндетті.
  5. Өзге каналдан репост жасау мүмкін емес.

VKontakte + Facebook:

  1. Мәтін көп дегенде бос жерді қоса санағанда 500 белгі болуы керек. Мәтін, сілтемелер, суреттер жеке-жеке ұсынылуға тиіс.
  2. Жазбалар бекітілмейді. Жазбаларға пікір жазу мүмкіндігі өшірілмейді.

TikTok:

  1. 15 секундтан 1 минутқа дейінгі дайын видео.
  2. Тұнықтығы: 1080х1920 px, форматы: 16:9.
  3. Форматы: MP4 немесе MOV, салмағы - 250 Мбке дейін.
  4. Музыка алдын ала модерациядан өтеді немесе әлеуметтік желінің қорынан алынады.

*Бір жұмыс күні бұрын алдын ала орынды броньдау керек.

*Баннерлік жарнаманы орналастыру үшін бос трафиктің бар-жоғын алдын ала нақтылап алу қажет.

Үгіт-насихат материалдарында ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі мен қаржыландыру дереккөздері туралы визуалды мәліметтер болуы керек.

Үгіт-насихат материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуына жеке-дара жауап береді.

Сайттың меншік иесі егер үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республика тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздық тудыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамада қарастырылмаған әскериленген құрылымдар құру идеялары, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенттігіне басқа да кандидаттардың арына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда оны жариялаудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайттың меншік иесінің талабы бойынша материалдардағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпараттарды дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға міндетті.

Аталған ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаңдарды ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары талаптарына сай жөнделуі мүмкін.

Сайтта үгіт-насихат материалдарын жариялау құны келесідей:

Баннерлер

Динамика (бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген):

728x200 px + 300x250 px – (desktop+mobile+app) ҚҚС қоса алғанда 1 680 тг.

Статика (бағасы трафиктің 25% үшін көрсетілген – тәуліктік):

240х400 px екінші орын – ҚҚС қоса алғанда 168 000 тг.

Статика (Бағасы трафиктің 50% үшін көрсетілген – тәуліктік):

Топ-жаңалықтарға – ҚҚС қоса алғанда 189 840 тг.

Profit Button (Desktop) (динамика, бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген) – ҚҚС қоса алғанда 2 800 тг.

Брендтеу жаңалықтар (desktop+mobile) (бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген) – ҚҚС қоса алғанда 3 360 тг.

Interscroller (бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген) – ҚҚС қоса алғанда 2 800 тг.

Scroll-roll (бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген) – ҚҚС қоса алғанда 2 800 тг.

Материалдарды сайттың орыс тіліндегі нұсқасында орналастыру:

  1. «Топ-новости» бөліміндегі мақала – ҚҚС қоса алғанда 1 362 200 тг, көлемі 4 000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеодан көп емес.
  2. «Новости Казахстана и мира» бөлімінде мақала – ҚҚС қоса алғанда 940 800 тг., көлемі 4 000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеодан көп емес.
  3. Тақырыптық айдардағы мақала – ҚҚС қоса алғанда 548 800 тг, көлемі 4 000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеодан көп емес.
  4. Мақала жазу – ҚҚС қоса алғанда 67 200 т, шараға барып жазу – ҚҚС қоса алғанда 112 000 тг.
  5. Мақаланы қазақ тіліндегі сайт нұсқасына көшіріп басу – 30%-дық үстеме.

Материалдарды сайттың қазақтілді нұсқасына орналастыру:

  1. «Топ-жаңалықтарға» мақала шығару – ҚҚС қоса алғанда 770 000 тг, көлемі 4 000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеодан көп емес
  2. «Қазақстан және әлем жаңалықтары» лентасына мақала шығару - ҚҚС қоса алғанда 616 000 тг, көлемі 4 000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеодан көп емес
  3. Тақырыптық айдарға мақала жариялау – ҚҚС қоса алғанда 385 000 тг, көлемі 4 000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеодан көп емес.

*Мақалалардың барлық анонсы Nur.kz немесе Kaz.nur.kz интернет-алаңдарының басқы бетінде орналастырылады.

* Бағалар маусымдық коэффициент пен ҚҚС қоса ала отырып көрсетілген.

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар

Instagram (@kaznews)

  • Жазба жариялау – ҚҚС қоса алғанда 301 000 тг.
  • Stories жариялау – ҚҚС қоса алғанда 140 000 тг.

Instagram (@kaz.nurkz)

  • Жазба жариялау – ҚҚС қоса алғанда 196 000 тг.
  • Stories жариялау – ҚҚС қоса алғанда 105 000 тг.

Telegram @newsnurkz

  • Жазба жариялау – ҚҚС қоса алғанда 462 000 тг.

VK + Facebook

  • Жазба жариялау – ҚҚС қоса алғанда 252 000 тг.

TikTok

  • Жазба жариялау – ҚҚС қоса алғанда 462 000.
  • Видео жасау 20 000 теңгеден басталады.

* Бағалар маусымдық коэффициент пен ҚҚС қоса ала отырып көрсетілген.

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін жасалған келісімшарт бойынша төлем жасау Сайттың меншік иесі ұсынған төлем шоты негізінде шот ұысынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуі керек.

Жазбаша өтініштерді меншік иесі 2022 жылғы 17 қазан күні сағат 10:00-ден 2022 жылғы 19 қарашаны қоса алғандағы мерзім аралығында, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 280-үй мекен-жайы бойынша қабылданады.

Жазбаша өтініштер факсимилдік және Интернет-байланысы арқылы қабылданбайды.

«Internet Portal Nur» ЖШС

(«Нұр Интернет-портал)

Бахридинов Қ.Ғ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992786-aqparattyq-xabarlama/

pixel