Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Шекара проблемасы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөз сөйлеуде
Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөз сөйлеуде. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде шекара мәселесін көтеріп, ол тек бейбіт жолмен реттелу керектігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы БОРТ N1 ресми арнасына сілтеме жасап.

"Тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі.

Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс", – дейді президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтті. Оған Қазақстан президентінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттерінің басшылары қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992793-toqaev-sekara-problemasy-tek-beibit-zolmen-sesiluge-tiis/

pixel