Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТМД елдерінің басшылары Астанада қандай көлікпен жүр

Опубликовано:

ТМД басшылары мінген көлік
Астанада ТМД басшылары мінген көлік. Видеодан кадр: Т.me/ptrkkz

Бүгін Астанада ТМД елдері басшыларының кеңесі өтті. Қазақстан президенті Телерадиокешенінің Telegram-дағы ресми арнасында жиынға қатысушылардың қандай темір тұлпармен келгені туралы бейнеролик пайда болды. Олардың көпшілігі Mercedes көліктерін таңдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТМД елдері басшыларының Астанадағы кеңесінің отырысына Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан президенттері, сондай-ақ Армения премьер-министрі келді.

Кеңеске Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Майбах 62S көлігімен келсе, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері Mercedes-Benz Maybach S-класстың әр түрлі нұсқаларын таңдаған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко да кейбір әріптестері сияқты Mercedes-Benz Maybach S-класс көліктерін таңдаған.

Ал Ресей президенті Владимир Путин отырысқа өзінің Aurus Senat лимузинімен келген.

Бұған дейін оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің іс сапарлар кезінде стратегиялық тұрғыда жабдықталған және барлық қажетті қауіпсіздік критерийлеріне сай келетін өзінің көліктерімен жүретінін айтқан еді. Бұл туралы РИА Новости хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992800-tmd-elderinin-bassylary-astanada-qandai-kolikpen-zur-video/

pixel