Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Орынсыз айтылған кез келген сөз өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде орынсыз айтылған кез келген сөз этносаралық араздық туғызуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы БОРТ N1 ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі теріс құбылыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңызы артып келеді деп санайды.

"Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін.

Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді. Дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс.

Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай, кейбір елдерде мемлекеттер басшыларына қатысты негізсіз арандатушылық сипаттағы сөздер айтылатын жағдайлар кездеседі. Бұл, әрине, біздің ынтымақтастығымызға нұқсан келтіреді", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992815-toqaev-orynsyz-aitylgan-kez-kelgen-soz-ospendilik-pen-etnosaralyq-arazdyq-tugyzuy-mumkin/

pixel