Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі
Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігі. Фото: Yasin Akgul/AFP via Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

"Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін", – деп жазылған жеделхатта. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992887-memleket-bassysy-turkiya-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel