Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз төңкерістерге, дүмпулерге жол бере алмаймыз": Тоқаевтың мұрағатта сақталған видеосы жарияланды

Опубликовано:

Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент телерадиокешені TikTok парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұрағатта сақталған сұхбатынан үзінді жариялады.

Бейнежазба сипаттамасында оның 2005 жылы түсірілгені жазылған. Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Сыртқы істер министрі болған еді, бұл қызметті 2007 жылға дейін атқарды.

Жарияланған үзіндіде президент Қазақстанның даму жолы туралы айтады.

"Қазақстан революция жолымен емес, эволюция арқылы дамуы керек, мен бұған сенімдімін. Гарвардта Қазақстанның даму жолын эволюциялық жол деп бекер айтпаған. Оны ерекше жол деп атады, өйткені біз мұндай төңкерістерге, дүмпулерге, катаклизмдерге жол бере алмаймыз", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992966-biz-tonkeristerge-dumpulerge-zol-bere-almaimyz-toqaevtyn-muragatta-saqtalgan-videosy-zariyalandy/

pixel