Жигули Дайрабаев Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев. Фото: NUR.KZ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында "Ауыл" партиясы атынын ұсынылған Жигули Дайрабаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК Жигули Дайрабаевтың кандидатқа қажетті барлық құжатты ұсынғанын және қажетті қолдаушылар қолын жинағанын хабарлады.

Бүгінгі отырыста ОСК Жигули Дайрабаевты кандидат ретінде ресми тіркеу және оған куәлік беру туралы шешім қабылдады. Жигули Дайрабаевтың тіркелгені туралы хабарланғаннан кейін оған кандидаттық куәлік табыс етілді.

ОСК өкілдері кандидат пен оның жұбайы мүлкі мен міндеттемелері туралы декларация тапсырғанын, сонымен қатар Дайрабаевтың тіркеуге кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы туралы анықтама бергенін, сондай-ақ өзін қолдауға 125 мыңнан астам қол жинағанын атап өткен.

Айта кетейік, бұған дейін Жигули Дайрабаев ел президенттігіне кандидаттарға қойылатын талапқа сай деп танылған болатын. Сондай-ақ ол мемлекеттік тілден ​​емтихан тапсырып, "-5" деген баға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993024-ziguli-dairabaev-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-bolyp-tirkeldi/