Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттама жарамсыз деп танылды
Опубликовано:

Астана қалалық соты экс-депутат Нұржан Әлтаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттаманы жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды. Бұл туралы елордалық соттың ресми Facebook парақшасында хабарланды.
7 қазан күні парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев "Мұқалмас" РҚБ кандидатурасын ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған, алайда ұйымның бірнеше филиалының басшылары Әлтаев кандидатурасын ұсыну туралы отырыс хаттамасының бұрмаланғанын жариялады.
Істі Байқоңыр ауданының соты қарағаны атап өтілді.
"Талапкерлер өз талаптарын 2022 жылғы 6 қазандағы РҚБ жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен РҚБ мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә. кандидатурасын ұсынуға ниет білдіріп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жіберді", – делінген хабарламада.
Кейіннен сот жалпы жиналыста Әлтаевтың кандидатурасын 6 адам қолдағанын, ал 11 адам қарсы дауыс бергенін анықтады. Сонымен қатар, жалпы жиналысқа РҚБ мүшесі болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ тұлғалардың қатысып, дауыс бергені атап өтілген.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот РҚБ-ның жалпы жиналысының хаттамасын жарамсыз деп таныды", – деп үкім шығарды сот.
Еске салсақ, 12 қазан күні Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевтың президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау рәсімі тоқтатылғанын хабарлаған еді. Алайда бұған дейін экс-шенеунік мемлекеттік тілді білуге емтихан тапсырып үлгерген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993084-nurzan-altaevty-prezidenttikke-kandidat-retinde-usynu-zaramsyz-dep-tanyldy/