Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

Опубликовано:

Мағжан Ілиясов президент қабылдауында
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мағжан Ілиясовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Біріккен Корольдікпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту аса маңызды екенін атап өтті.

Президент Мағжан Ілиясовқа екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті жандандыруға және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдаған болатын.

Мегаполис басшысы президентке Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асырылуы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалар туралы айтты. Сонымен қатар дамудың бекітілген негізгі басымдықтарын ескере отырып, қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993094-toqaev-qazaqstannyn-ulybritaniyadagy-zanadan-tagaiyndalgan-elsisin-qabyldady/

pixel