Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевте жұмысын жалғастырып жатыр

Опубликовано:

Дархан Кәлетаев пен Сергей Евтушок
Дархан Кәлетаев пен Сергей Евтушок. Фото: t.me/KZembassyinUKR

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевте жұмысын жалғастырып жатыр. Тиісті мәлімет дипломатиялық ведомствоның ресми Telegram парақшасында жарияланды.

2022 жылдың 17 қазанында Киев қаласында Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Жоғарғы Радасының халық депутаты Сергей Евтушокпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әңгімелесушілер екі елдің одан әрі парламентаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, халық депутаты елші мен Қазақстан үкіметіне Украинадағы күрделі әскери жағдайға қарамастан елшіліктің дипломатиялық құрамының Киевте қалғаны және жұмысын жалғастырып жатқаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу соңында тараптар естелік кәдесыйлармен алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993281-qazaqstannyn-ukrainadagy-elsiligi-kievte-zumysyn-zalgastyryp-zatyr/